Түркістан облысында ТЖД қызметкерлері жұмыстарын қорытындылады


ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 9 айда атқарған жұмыстарын қорытындылады. Департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жүніовтың төрағалығымен өткен жиында ағымдағы жылдың 4 тоқсанына негізгі міндеттер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://akzhol-party.info со ссылкой на портал Грамотей

Келелі басқосуға департаменттің және аудандық, қалалық бөлім, басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшы және жеке құрамы қатысты. Жиналыста зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б. Запаров, пен «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ-і бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Әлімбаев және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы М. Иманқұловалар баяндама жасады. Олар төтенше жағдайлардың алдын алу, мемлекеттік өрт бақылау салаларына және орын алып жатқан өрттерге, келіп түскен арыз-шағымдарға жеке-жеке тоқталды. Департамент бастығы баяндамаларды тыңдап, алдағы күндерге біршама тапсырмаларды қолға алу туралы айтып өтті. Ол сондай-ақ, жиналысты қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңдарын, «Жол жүру ережесін» қатаң сақтауды ескертіп өтті.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/turkistan-oblysynda-tzhd-kyzmetkerleri-zhumystaryn-korytyndylady_a3578032”